Онлайн іс-шаралар қарқыны күннен күнге арта түсті. Қазақ халқының салт-дәстүрінен сыр шертетін түрлі онлайн насихаттар айтыла бастады. «Ұлттық киімдер», «Қыз тәрбиесі», «Құрсақ шашу», «Тұсау кесер», «Жылқы мәдениеті секілді түрлі тақырыптарды қаузап, халықтың танымын кеңейтуді қолға алған. "Құрақ - қазақ қолөнерінің қазынасы" тақырыбында салт насихатталды.
Тікелей эфирді жүргізген салт-дәстүр орталығының ғылыми қызметкер Дана Мамекова.
«Қазақтың қолөнерінің өмірге келуі халықтың тұрмыс-тіршілігімен тығыз байланысты. Құрақ – ерте заманнан келе жатқан өнер. Египеттің мұражайларында қарақұйрық терісінен құрап тігілген өрнектер әлі күнге дейін сақталса, ал Токионың мұражайларының бірінде асыл тастар мен түрлі маталардың қиындыларынан құрап тігілген әлі күнге дейін сақтаулы. Сол секілді қазақ халқында да бабаларымыздан қалған ең асыл мұра болып табылады»,- дейді Дана Мамекова.
«Дәстүр дәрістері» айдары бойынша салт-дәстүр орталығының қызметкерлері жарыса видео жолдады. Олар қала тұрғындарының бос уақытын тиімді пайдаланып, түрлі материалдармен бөлісіп, рухани танымын арттыруға септіктерін тигізді. Осылайша, 57 онлайн іс-шаралар сәуірдің 13-19 аралығында өтті. Көрермендер үшін тиімді болсын деген ниетпен ұйымдастырушылар Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде тікелей эфирде өтіп, артынша сақталып отырды. Нақты уақытында кіріп көре алмаған халық кейіннен тамашалай алуына болады.