Мереке де, мерейтой да онлайн

Screenshot_1.jpg

Әлемнің түкпір-түкпірін шарлаған індеттің әсерінен қазір барлық сала бойынша атқарылуы тиіс жұмыстар тұсауланып отыр. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың үндеуіне тік тұрып, ауызбіршілік, ынтымақпен бұл індетті барынша ауыздықтап келеміз. Шымкент қаласы әкімі Айтенов Мұрат Дүйсенбекұлы төтенше жағдайды қатаң түрде қолға алып, халықтың қамы үшін еңбек етуде. Бұл сәтте мәдениет саласы да ақсап қалуын ойлаған Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Рашид Мыңбаев бастаған мәдениет жанашырлары көрерменнің көтеріңкі көңілі үшін онлайн, тікелей эфирде халық игілігі үшін жұмыстар атқарып жатыр.

Бүгінде үшінші мегаполисте онлайн іс-шаралар бірінен соң бірі жарыса орын алып жатыр. 20-26 сәуір аралағында онлайн мәдени іс-шаралардың екінші легі өткен еді. Шаһардың мәдениетін көтеруге елеулі үлес қосып, рухани байытып жүрген өнер иелері мен халық қалаулылары карантин уақытында да халықтың көңілін аулап, серпіліс сыйлауда. Мәдениет саласында қызмет атқарып жүрген өнер иелерімен сұхбат, дәстүр дәрістері, білімін шыңдап, танымын кеңейту жолындағы онлайн сабақтар барлығы да халықтың руханиятын дамыту үшін жасалып жатыр.      


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қаламгерлерге арналған байқау
  • «Мәртебелі оқырман» төрінде - Күлия Айдарбекова
  • Тәуелсіздікті толғаған кеш
  • Балалар фольклоры - тәрбие негізі
  • Ақынның өмірінен сыр шертті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер