Зообаққа 40 жыл

Screenshot_8.png

Республикадағы маңызы бар үшінші қала Шымкентте мақтан тұтарлық дүние көп. Жасыл шаһардың тамыры тереңге жайылған тарихын айтпағанда мұнда тарихтың тірі куәгеріне айналған нысандар көп-ақ. 2020 жыл ТМД елдерінің мәдени астанасы атанған кенттің қонақтарға көрсетері көп. Мәселен  қаласының, орталық Әл-Фараби ауданында орналасқан жануарлар зообағы. Биыл зообаққа 40 жыл толып отыр.

Коммунистік партияның облыстық комитетінің бірінші хатшысы А.Аскаров Чимкентте зоологиялық саябақ салуға шешім қабылдады. Халық депутаттарының Шымкент облыстық кеңесі атқару комитетінің шешімі 1979 жылдың 11 желтоқсанымен бекітілген.

Мұрағат құжаттарына сәйкес «хайуанаттар бағының құрылысына қала мен облыстың 54 ұйымы ерікті түрде қатысты. Бұл өз кезегінде «Халықаралық балалар жылына» балаларға арналған ерекше сыйлық болып, көптеген ұжымдардың адал еңбектерінің арқасында қаланың шеткі бөлігінде жануарлардан шоғырланған әдемі оазис-қалаға айнала бастады.

Зообақтың ресми ашылу 1980 жылы 29 сәуірде өтті. Мұнда жануарлардың 202 түрінен барлығы 1850 жануар қоныстанды.

Қазіргі таңда, Шымкент зообағында 254 түрдің 2400-тен астам жан-жануары өмір сүреді. Зообақ қала тұрғындары мен қонақтардың сүйікті демалыс орнына айналған. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қаламгерлерге арналған байқау
  • «Мәртебелі оқырман» төрінде - Күлия Айдарбекова
  • Тәуелсіздікті толғаған кеш
  • Балалар фольклоры - тәрбие негізі
  • Ақынның өмірінен сыр шертті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер