Шымкент қаласының басты жетістіктері талқыланды

Screenshot_5.jpg

Шымкент қаласы 2200 жылдық бай тарихымен мақтана алады. Қала тарихы тым тереңде жатқанын мақтанышпен айтуға болады. Осынау тарихты келер ұрпаққа насихаттаған аса маңызды. Себебі өзінің туған жерінің тарихына сусындап өскен бала патриот болары, Отанға адал қызмет етері сөзсіз, 

Осы орайда жақында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқанның қатысуымен Әл-Фараби ғылыми-әмбебап кітапханасында «Тәуелсіз Қазақстан: Жасампаздыққа толы жылдар. Шымкент қаласының басты жетістіктері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Басқосуға зиялы қауым өкілдері қатысты.

Алқалы  жиында  сөз алған Шыңғыс Жұмабекұлы Қазақстанның соңғы үш онжылдықтағы мемлекеттік құрылыстағы тарихи серпілісінің, әртараптандырылған нарықтық экономиканы құруда үшінші мегаполистің алар орны ерекше екенін жеткізді. Қала халқының 52 пайызы егемендік алған 30 жылдың ішінде дүниеге келгенін және шаһар тұрғындарының орташа жасы 28-ді құрағанын айтты. Сондай-ақ, айтулы жылды шаһарда кең көлемде мерекелеу барысын атап өтті.

– Егемендік алғалы елімізде көптеген ауқымды жобалар атқарылып, соның жемісін көріп келеміз. Осы жетістіктердің ішінде Шымкент қаласы мен жұртшылығының алатын үлесі едәуір. Тәуелсіздіктің 30 жылдығын кең көлемде қамту мақсатында басқармалар мен аудан әкімдіктерінен ұсыныстар жинақталып, әр айға арнайы атаулар берілген. Бұл ретте биыл бірінші жартыжылдықта қала бойынша Тәуелсіздігімізді ұлықтаған 175 іс-шара өткізілді. Оның ішінде республикалық 74 ауқымды іс-шараға 45 мыңнан астам адам қамтылды. Бұл жұмыстар әлі де өз жалғасын табатыны сөзсіз, - деді Шыңғыс Мұқан.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Шымшаһарда атқарылған жұмыстар мен жеткен жетістіктерді талқылады. Сонымен қатар, «Туған қала» атты бейнероликті тамашалады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады
  • Қала әкімі мәслихат депутаттарының алдында есеп берді
  • Шымкент пен Адана қалалары арасында экономикалық және туристік келісімге қол қойылды
  • Қандастарға қаланың көрікті жерлері паш етілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер