«E-qonaq» жүйесі арқылы 40 мыңға жуық турист тіркелді

Screenshot_6.jpg

Бүгінде туризм саласы әлемдегі ең табысты салалардың бірі болып отыр. Қазіргі таңда әрбір адам жылына бір рет еңбек демалысын шетелде яки өз елінде басқа қалаларда өткізуді әдетке айналдырған. Мұндай азаматтар көбіне өздеріне жақсы сервис көрсететін жерлерді таңдайды.  Ал бұл үдеден Шымкент қаласы шыға білуде. Шымкент қаласына келуші қонақтар үшін ыңғайлы және жайлы жағдай жасау мақсатындағы жұмыстар жүйелі іске асуда. Биылғы жылдың мамыр айында Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы мен «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы арасындағы екіжақты келісім аясында «e-Qonaq» бірыңғай ақпараттық жүйесі қонақ үйлерде орнатылған болатын.

Ақпараттық жүйе арқылы мегаполиске келген туристер ертеректе атқарылғандай Көші-қон полициясына барып немесе «егов» порталына кіріп уақыт жоғалтпай, өздері тоқтаған қонақ үйде қызметкерлердің көмегімен немесе өз ықпалымен тіркеле алады. Бұл туристерді есепке алу, туристік ағынды талдау және көші-қон бақылауын жүзеге асыруға арналған жүйе. Бүгінгі күнге дейін базада 40 мыңға жуық шетел азаматы тіркелген.

Жалпы Шымкентте 120 орналастыру орны бар. Оның жетпісінде, атап айтсақ, қонақ үйлер, хостелдер және демалыс үйлері тәжірибеде қолданып келеді. Жыл соңына дейін барлық нысанға «eQonaq» бірыңғай ақпараттық жүйесін орнату жоспарланған.

Алдағы уақытта Шымкентте туризм саласын дамыту мақсатында туристертерге жайлы жағдай жасау үшін көптеген жобалар жүзеге аспақ.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады
  • Қала әкімі мәслихат депутаттарының алдында есеп берді
  • Шымкент пен Адана қалалары арасында экономикалық және туристік келісімге қол қойылды
  • Қандастарға қаланың көрікті жерлері паш етілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер