Құрылыс жұмыстарын қала әкімі тікелей бақылып отыр

Screenshot_8.jpg

Жылдан-жылға туристік әлеуеті артып, келетін туристер саны артып келе жатқан Шымкентте үлкен жобалар қолға алынуда. Солардың бірі - көлік кептелесін жою үшін Қонаев даңғылында жүргізіп жатқан құрылыс жұмыстары. Қонаев даңғылы жалғасы құрылысының 3-кезеңі Терешкова көшесінен Бөгет кешесіне дейінгі аралықта жүріп жатыр. Қала әкімі құрылыс нысандарын аралау барысында мұнда да ат басын бұрды.

Аталған көше бойынша орташа жөндеу жұмыстары 2020 жылдың қазан айында басталған. Шымкент қаласының маңызды көшесі саналатын бұл даңғылдың құрылыс жұмыстары «КазахДорСтрой» ЖШС-не жүктелген.

Кезеңнің жалпы ұзындығы 6 жолақты 0,561 шақырымды құрайды. Ал жолдың ені 42 метр. Бүгінгі таңда 700 м екі бағытты айналма темір жолын, 948 м кәріз құбырын салу, 3,4 шқ. кабель желілері, 24 темір жол электр бағаналарын және 2 дана жер асты жаяу жүргіншілер өткелдерін орнату, темір жол өткелінің 24 дана свай құю, 60000м3 жер жұмыстары және 4 дана темір жол көпірінің негізін құю және 4 дана теміржол балкаларын орнату жұмыстары орындалды.

Қазіргі уақытта  тіреу қабырғаларын құю, инженерлік желілердің орнын ауыстыру, мемлекет мұқтажына алынған үйлерді сүру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Қала әкімі маңызды құрылыс нысандарын тұрғындарға дұрыс түсіндіре отырып, екі жақты келесіммен үйлерді мұқтаждыққа алу керектігін айтты. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады
  • Қала әкімі мәслихат депутаттарының алдында есеп берді
  • Шымкент пен Адана қалалары арасында экономикалық және туристік келісімге қол қойылды
  • Қандастарға қаланың көрікті жерлері паш етілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер