Шымкент қаласының ішкі аудандары да көркеюде

Screenshot_9.jpg

Тазалық - тек денсаулық емес, сұлулық кепілі. Тап-таза болып жатқан орта адамдарға қуаныш сыйлайды. Адам таза жерде ұзақ бөгелгісі келеді. Осы орайды Шымкент қаласы тұрғындарының табиғатты аялап, тазалыққа деген жауапкершілігін арттыру мақсатында Әл-Фараби ауданы аумағында қанатты сөздер жазылған арнайы тақтайшалар орнатылды. Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев, аудан әкімдігі мамандары және қала еріктілері бірлесе табиғатты қорғауға шақыратын тақтайшаларды саябақтар мен гүлзарларға, көпқабатты үй аулаларына орнатты. 

- Басты мақсат - табиғат құндылықтарын сақтап, тұрғындарға қоршаған ортаға жанашырлық таныту керектігі туралы жақсы көзқарас қалыптастыру. Адамдар сонда ғана туған өңір табиғатын қорғауда белсенділік көрсетеді. Тазалықты әр азамат өзінен бастаса сүбелі нәтижеге қол жеткіземіз, - деді аудан әкімі аула тұрғындарына.

Аталған лозунгтар шымкенттіктердің өмір сүру сапасы мен денсаулығын жақсартуға септігін тигізеді деген үмітте екендерін де айтты.

Іс-шара соңында аудан әкімі қаланың бет-бейнесі - тазалықта екенін хабарлап, шаhар тұрғындарын қоршаған ортаны таза ұстауға, өз туған жерінің тазалығына үлес қосуға шақырды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады
  • Қала әкімі мәслихат депутаттарының алдында есеп берді
  • Шымкент пен Адана қалалары арасында экономикалық және туристік келісімге қол қойылды
  • Қандастарға қаланың көрікті жерлері паш етілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер