Жаңа өсіп келе жатқан ұрпақ - ел келешегі. Жасында білім мен тәрбиені қатар алған бала өскенде еліне адал қызмет етеді. Халқына жағдай жасап, елдің әлеуметтік-экономикалық қуаты артуына бар күшін салады. осы орайда балаларға барлық жағдайды жасау басты назарда.
Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту, балаларға спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету туралы тапсырмасына сәйкес, қалада көптеген спорт нысандары ашылып, тұрғындар игілігіне берілуде. Бұл бағытта мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында да бірқатар шағынаудандарда спорт клубтары жұмыс істеуде.
Шымкент қаласы әкімінің шалғай елдімекендердің инфрақұрылымын дамыту және баршаға қолжетімді спорт жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Қаратау ауданы Қайнарбұлақ тұрғын алабында жаңа спорт алаңшасы пайдалануға берілді. Қаратау ауданының әкімі А. Әліқұлов демеушілер есебінен салынған көп функционалды спорт алаңшасының жұмысымен танысты. Алдағы уақытта балалар осында жаттығып, бос уақыттарында саламатты өмір салтын қалыптастырады. Спортқа құмар болып өскен баланың дені сау болары сөзсіз.
Аталған спорт алаңшаның құрылысына демеушілер есебінен 14,5 млн теңге қаралып, мердігер мекеме «Ферротекс» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда спорт алаңшасы тұрғын алаптағы № 83 мектепке пайдалануға берілуде.
Қалада бұл бағыттағы жүйелі іс-шаралар одан әрі жалғасын табатын болады.