Шымкенттің туристік әлеуеті мен мүмкіндігі өте жоғары

Screenshot_11.jpg

Шымкент қаласына туристерді көптеп тартып, қала бюджетін қампайту мақсатында көптеген жобалар қолға алынуда. Әсіресе «Visit Shymkent» орталығы қарқынды жұмыс істеуде. Аталған орталық туристерді ақпаратпен қамтамасыз етіп, өңірдің туристік әлеуетін маркетинтік ілгерілету мен талдау, халықаралық шараларды ұйымдастырып, іскерлік туризмді дамытумен айналысады. Орталық «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейді. Атап айтқанда, көші-қон қызметтерінің көмегін пайдалану, туризм саласын талдау, қаланың туристік имиджін дамыту, ірі туроператорларды анықтап, оларға туристік маршруттарды ұсынады. Іскерлік іс-шараларды өткізіп, осы салаға инвестиция тартумен де айналысады.

– Шымкенттің оң имиджін қалыптастыру жолында бүгінге дейін ауқымды жұмыстар жүргізілді. Қаланы туристік орталыққа айналдыруда әлі де көптеген жобалар қажет. Елбасы Н.Назарбаев Түркістанға келген кезекті сапарында 2025 жылға дейін еліміздің оңтүстік өңіріне келетін туристердің саны үш есеге өсетінін айтқан еді. Түркістан жаңа келбетімен көпшіліктің назарын өзіне аударып отыр. Рухани астанамызға келген туристерді шырайлы шаһарға да тартуымыз керек. Бір айта кетерлігі, қаламыздың туристік маңызы зор, инфрақұрылымы дамыған. Әрі ол  Қырғызстан мен Өзбекстанды Қазақстанның басқа өңірлерімен байланыстыратын ірі орталық. Қаланың 500 шақырым радиусында шамамен 20 миллионға жуық адам тұрады. Осы орайда, Шымкент өзінің бәсекелестік артықшылықтарын пайдалана отырып, бүкіл оңтүстік өңірінің туризмі үшін тірек орталыққа айнала алады. Ақпараттық орталық Елбасының бұл айтылған сөзін челлендж ретінде қабыл алып, «қалай туристерді өзімізде ұстап қаламыз» деген сұрақтың жауабын іздеуге кірісті. Жыл басында қала әкімінің қатысуымен ашылған орталықтың жетістіктері аз емес, - дейді орталық директоры А. Раманов.

Туризм – мемлекет жарнамасы. Қазіргі таңда дүниежүзілік сипат алып отырған бұл сала тек табиғатпен ғана шектелмей, тарих пен археологиялық қазбалардың, мәдениет пен өркениеттің, сәулет пен ескерткіштердің тартымдылығымен, салт-дәстүрдің даралығымен де ерекшеленіп отыр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады
  • Қала әкімі мәслихат депутаттарының алдында есеп берді
  • Шымкент пен Адана қалалары арасында экономикалық және туристік келісімге қол қойылды
  • Қандастарға қаланың көрікті жерлері паш етілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер