Алматы, Нұр-Сұлтанға бармай-ақ, Шымкентте ота жасатуға болады

Screenshot_2.jpg

Бұрын науқастар аяқ-қолы сырқыраса, күрделі отаны қажет етеін жайт болса, Алматы, Нұр-Сұлтан секілді ірі қалаларға барушы еді. Енді алысқа ат арылтпай-ақ, Шымкент қаласының өзінде ота жасата беруге болады. 

Шымкент қалалық клиникалық балалар  ауруханасының ортопед-травматологтары 14 жастағы қызға күрделі ортопедиялық операция жасады. Ота кезінде медицина мамандары жасөспірімнің қисық өскен шынтақ сүйегін  хирургиялық жолмен қайта қалпына келтіріп берді. Балалар дәрігерлері мұндай отаны алғаш рет жасап, оң нәтижеге қол жеткізіп отыр.

Науқас осыдан бірнеше жыл бұрын қолын ауыр жарақаттап, шынтақ сүйегі өсіп, кәрі (лучевая) сүйегі өспей қалған. Салдарынан қолындағы сүйектері қисайып, өздігінен қимыл жасауға кедергі келтірген. 

«Ота жасалған науқас үш ай бұрын қалалық клиникалық балалар ауруханасына кеңес алуға келген болатын. Тексере келе науқаста жарақаттың салдарынан сүйегі қисайғаны анықталды. Операцияны бірден жасамадық. Себебі мұндай ота баланың сүйек өсуі тоқтауға жақындаған кезде жасалады. Операция кезінде қатты өсіп кеткен сүйекті қысқартып, өспей қалған сүйекке жалғап, арнайы құрылғымен бекітіп бердік. Мұндай отаны бірінші рет жасадық. Осыған дейін сүйегі қисық өскен науқастарға ота жасау үшін Нұр-Сұлтан қаласындағы емдеу мекемелеріне жолдама арқылы жіберетінбіз. Енді міне, мұндай отаны өзіміз жасауға дайынбыз» - дейді ортопед-травматолог Бағжан Тұрдықұлов. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады
  • Қала әкімі мәслихат депутаттарының алдында есеп берді
  • Шымкент пен Адана қалалары арасында экономикалық және туристік келісімге қол қойылды
  • Қандастарға қаланың көрікті жерлері паш етілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер