900-ге жуық отбасы баспаналы болады

Screenshot_5.jpg

Баспаналы болу әрбір адамның, барлық отбасының арманы. Елімізде тұрғындарды әсіресе жас отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында «Қолжетімді баспана - 2020» секілді бағдарламаларды жүзеге асырып келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасы Түркістан облысында да жүйелі түрде жүзеге асып келеді.

     Мәселен  Кентау қаласында ағымдағы жылы 300-ге жуық отбасы, ал 2020 жылға қарай 900-дей жанұя баспанамен қамтылады деп жоспарлануда. Бүгінгі таңда қалада 5 қабатты әрқайсысы 60 пәтерлі 5 тұрғын үй аяқталуға жақын. Атап айтқанда, Кентау қаласы Жібек жолы көшесіндегі №41 тұрғын үйдің, Алтынсарин көшесіндегі №9Б және Уәлиханов көшесіндегі №136А тұрғын үйінің құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, бүгінгі таңда ауланы абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, Сейфуллин көшесіндегі  №116 тұрғын үйінің бүгінгі таңда ішкі әрлеу, сылақ жұмыстары жұмыстары жүргізілуде. Ал Қонаев көшесіндегі  №44А тұрғын үйдің құрылысы бойынша бүгінгі таңда 4-қабаттың қабарғаларын көтеру жұмыстары жүруде. Аталған тұрғын үйлерде 1 бөлмелі – 15 пәтер, 2 бөлмелі – 15 пәтер,  3 бөлмелі – 30 пәтер бар.

Сонымен қатар, Ш.Уәлиханов көшесі бойынан 5 қабатты 60 пәтерлі 10 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары басталуда. Пәтер саны – 600, жалпы ауданы  – 33 470 шаршы метр. Нысандар 2020 жылға өтпелі.

Айта кетерлігі, Кентау қаласында 2018 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында әрқайсысы 60 пәтерлі 2 тұрғын үй кешенінің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 120 отбасы баспанамен қамтылған. Ел игілігіне тапсырылған тұрғын үйлердің жалпы ауданы – 7294 шаршы метр.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады
  • Қала әкімі мәслихат депутаттарының алдында есеп берді
  • Шымкент пен Адана қалалары арасында экономикалық және туристік келісімге қол қойылды
  • Қандастарға қаланың көрікті жерлері паш етілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер