«Түркістан барысы» анықталды

Screenshot_6.jpg 

Шардара қаласындағы Спорт кешенінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесіне арналған қазақ күресінен ересектер арасындағы «Қазақстан барысы» республикалық турниріне облыстық іріктеу жарысы өтті. Салнататты жиынның ашылуына аудан әкімі Болатбек Қыстауов пен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Полат Қырықбаев қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі. 

 «Түркістан барысы» турниріне облыстағы қалалар мен аудандардан барлығы 23 палуан келіп бақ сынасты. Тартысты өткен додада палуандардың арасынан бабы мен бағы келіскен түркістандық Бейбарыс Әбдіғали бас жүлдені жеңіп алып, «Түркістан барысы» атағын иемденді. Турнир жеңімпазына арнайы белбеу, кубок,  диплом  шардаралық спорт жанашырларының демеушілігімен алынған темір тұлпардың кілті табысталды. Ұлттық спортты ұлықтаған кентаулық палуан Дархан Жамалхан жүлделі ІІ орынға лайық деп танылса, отырарлық Сабыржан Әбілдаұлы ІІІ орныды қанағат тұтты.  Сондай-ақ, іріктеу байқауында шебер қимылдарымен көзге түскен сарыағаштық Мұқтар Әбдімәлік «Көрермен көзайымы», бәйдібектік Ерназар Сергебай «Жеңіске деген жігері үшін» номинацияларымен марапатталды.

    «Түркістан барысы» атағын иеленген Бейбарыс Әбдіғали мен ІІ орынды еншілеген Дархан Жамалхан енді республикалық «Қазақ барысы» турнирінде облысымыздың намысын қорғайтын болады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады
  • Қала әкімі мәслихат депутаттарының алдында есеп берді
  • Шымкент пен Адана қалалары арасында экономикалық және туристік келісімге қол қойылды
  • Қандастарға қаланың көрікті жерлері паш етілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер