Төлебидің өнімдеріне шетелдіктер «құда түсіп» жатыр

Screenshot_15.jpg

Кербез табиғатты Төле би ауданның индустриясы реттеліп келеді. Биыл ауданда  «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында бірнеше жобаны іске асыру жоспарлануда дейді салаға жауаптылар.  Олардың бірі тәулігіне 100 тонна асфальт-бетон өнімдерін шығаратын жалпы құны 120 млн. теңгелік «Бірлік» ЖШС зауытының құрылысы. Онда жаңа 20 жұмыс орны ашылады. Сондай-ақ, құны 120 млн. теңгені құрайтын жылына 1000 тонна бройлер етін өндіретін «Шымкент құс» құс фермасы. Аталған жоба 2020 жылға қарай іске қосылатын болады.

   Аймақтың құрылысқа қажетті заттарына шетелдіктер де «құда түсіп» жатқан көрінеді. Мәселен, «Газпромнефть-Битум Казахстан» ЖШС-і өткен жылы 230 мың тонна битум шығарып, оның 148 мың тоннасын Өзбекстан және Тәжікстан елдеріне экспорттаған. «Астық сауда» және «Аққұм астық» ЖШС-і 36,3 мың тонна ұн өнімдерін Өзбекстан мен Ауғанстан елдеріне экспорттаса, «Бағдаулет-1» ЖШС-і бастапқы 10 тонна мақсары майын Қытай еліне экспорттаған.

Ресми деректер бойынша аудандағы кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 8 211, оның ішінде 92,4 пайызы белсенді жұмыс атқаруда.  Аймақта кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтіндер саны 16 072 адамға жетіп, қосымша 675 адам жұмыспен қамтылған. Биыл кәсіпкерлік саласында 40,5 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, жұмыс істейтіндер санын 16 475 адамға жеткізу көзделуде.


 


 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады
  • Қала әкімі мәслихат депутаттарының алдында есеп берді
  • Шымкент пен Адана қалалары арасында экономикалық және туристік келісімге қол қойылды
  • Қандастарға қаланың көрікті жерлері паш етілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер