Тұрмыстық қалдықтар кәдеге жарайтын болады

Screenshot_12.jpg

Ордабасы ауданында биыл өнеркәсіп өнім көлемін 19,4 миллиард теңгеге жеткізу жоспарланып отыр. Ал өңдеу өнеркәсібінде 17,9 миллиард теңгенің өнімі өндіріледі деп болжануда.  Сала мамандарының дерегінше  Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасымен «Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасы» аясында 2019 жылы жалпы құны 4,6 млрд. теңгені құрайтын инвестициялық жобаның II-кезеңін іске қосу жоспарлануда. Ол «Green Technology industries» ЖШС-ң озық технология арқылы полиэтилен өнімін қайта өңдеп, синтепон талшығын өндіру өндірісін құру жобасының II-кезеңі. Сондай-ақ 2019 жылдың І жартыжылдығында жалпы құны 6 млрд. 600 млн. теңге құрайтын “АВF INVEST” ЖШС-ң Бадам өндірістік аймағынан полиэтилен бұйымдарын қайта өңдейтін зауыттың І-кезеңі іске қосылып, қазіргі таңда жұмыстар жүргізілуде. 2025 жылға дейін өңірдегі қатты тұрмыстық қалдықтардың 35%-ы өңделіп, қайта кәдеге жаратылатын болады.

   Жалпы алғанда биылғы жылы кәсіпкерлік, туризм саласында инвестициялық құны 15 млрд. 691 млн. теңгені құрайтын 10 жобаның құрылыс жұмыстары жүріп, нәтижесінде 500-ден астам жаңа жұмыс орны ашылмақ.

    Аудандағы құрылыс саласы да қызу тірлікке көшкен. Мәселен ағымдағы жылы   Арыстанды, Ордабасы, Бірлік ауылдарындағы оқушылар 200 орындық жаңа мектептердің табалдырығын аттайтын болады. Ал  мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу бағыты бойынша 700 орынға 5 жекеменшік балабақша ашылады. Нысандар жұмысқа кіріссе ауданда балаларды мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің қамтылуы 100 пайызды құрайтын болады.  

    Сонымен қатар, алдағы уақытта Бадам ауылынан 4 үйдің (80 пәтер), Шұбар ауылынан 4 үйдің (100 пәтер), Төрткүлден 1 үйдің (40 пәтер), Қараспаннан 1 үйдің (40 пәтер) құрылысы жүреді деп күтілуде. Аталған тұрғын үйлер пайдалануға берілген кезде аудандағы 220 отбасының баспана мәселесі шешімін табады.


 


 


 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады
  • Қала әкімі мәслихат депутаттарының алдында есеп берді
  • Шымкент пен Адана қалалары арасында экономикалық және туристік келісімге қол қойылды
  • Қандастарға қаланың көрікті жерлері паш етілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер