Трансформатор зауытын аралады

Screenshot_4.jpg

Қаратау етегіндегі қарт Кентаудың ажары кіріп келеді. Шаһардағы «Жастар саябағы» өзгеше кейіпке еніп, абаттандырылып жатыр. Демалыс орнын қалаға іс-сапармен келген облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев аралап шығып, бірқатар тапсырмалар жүктеді.  Кентау қаласының әкімі Дәурен Махажанов өңір басышысын «Кентау қаласының 2019-2022 жылдарға арналған кешенді даму жоспарымен» таныстырып шықты.   Жалпы жасалуы тиіс жұмыстардың қатарында көпқабатты тұрғын үйлердің ауласын абаттандырып, шаһардың кәріз жүйелерін жаңғырту жұмыстары айтылды. Жиында Өмірзақ Естайұлы Кентау қаласында 1 қабатты тұрғын үйлерді көбейтуге басымдық беруді тапсырды. Бұдан өзге, Түркістан-Кентау тас жолын кеңейтіп, абаттандыру жұмыстарын жүргізу қажеттігін айтты. Сондай-ақ, «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында Ынтымақ ауылынан бастап, елді мекендерді көркейтуді жүктеді.

Сапар аясында өңір басшысы «Кентау трансформатор зауыты» АҚ-на аялдады. Зауыт бүгінде толықтай заманауи қондырғылармен жабдықталған. Өндіріс орны электромотор, генератор және трансформаторлар өндіреді. Жобалық қуаттылығы - 20 000 дана. Зауыт 1 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтып отыр. Ондағы өнімнің 60 пайызы ішкі нарыққа бағытталса, 40%-ы Ресей және Орта Азия мемлекеттеріне экспортталады.

Аймақ басшысы шаһардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын назарға алып, атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстандағы АЭС құрылысын қай компания жүргізеді?
  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады
  • Қала әкімі мәслихат депутаттарының алдында есеп берді
  • Шымкент пен Адана қалалары арасында экономикалық және туристік келісімге қол қойылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер