Кәсіп ашқан жан көп

Screenshot_14.jpg

Шағын және орта бизнесті дамыту - елдің потенциалын көтеру деген сөз. Осы орайда Қазығұрт ауданында шағын және орта бизнес саласында өткен жылы 32 шағын жоба іске қосылып, 300-ге жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Ағымдағы жылы жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлер саны 7792 жетіп, жоспар бойынша 121,1 пайызға өскен. Осы бағытта аймақта 12 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылып, олардың өндірген өнім көлемі 50 млрд. 723,3 млн. теңгені құрап отыр.

    Бүгінгі таңда «Қазығұрт» Индустриалдық аймағында жалпы құны 2,3 млрд. теңгені құрайтын жеті жобаға жер телімі берілген.  2016-2017 жылдары 3 жоба іске асырылып, 2018 жылдың қараша айында «Көрік ШҚ» ЖШС-ның құны 589 млн. теңгелік «Алкогольсіз табиғи шырын сусындар шығару» жобасы іске қосылған еді. Ал бір  жоба ағымдағы жылы, екі  жоба 2020 жылы іске қосылуы жоспарланған.  

    Аудан көлемінде бүгінгі таңда жұмыс істеп тұрған 18 кәсіпорын бар.  2018 жылы аудандағы өнеркәсіп кәсіпорындарында 7 миллиард 427,9 миллион теңгенің өнімі өндірілгенін айта кетейік.  


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады
  • Қала әкімі мәслихат депутаттарының алдында есеп берді
  • Шымкент пен Адана қалалары арасында экономикалық және туристік келісімге қол қойылды
  • Қандастарға қаланың көрікті жерлері паш етілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер