Cарыағашта ақылды жол бар

Screenshot_1.jpg

Елбасы «Қазақ­стан­ның Үшінші жаңғыруы: жаһан­дық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақ­стан халқына Жолдауында «Біз цифрлы технологияны қолдану арқылы құры­ла­тын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіс­піз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді бан­кинг, цифрлы қызмет көрсету секіл­ді денсаулық сақтау, білім беру ісін­де қол­данылатын және басқа да перспек­тивалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты», деп нақты бағдар берген болатын. Жолдаудан кейін елімізде «Цифрлы Қазақстан»  бағдарламасы жүзеге асырыла бастағаны белгілі. Бағдарлама Түркістан облысында да орындалып келеді. Мәселен мемлекеттік бағдарлама аясында  Сарыағаш қаласын ақылды қалаға айналдыру мақсатында Smart city – Saryagash жобасы әзірленген болатын. Осы жоба аясында бүгінгі таңда республикада алғаш рет Сарыағаш қаласында ақылды жаяу жүргінші жолы  жүйесі қосылды.

Жобаның ерекшелігі – жүргіншілерді жол бойынан түнгі мезгілде қауіпсіз өткізу. Сандық жүйе жол жиегіне келген жаяу жүргіншіні қауіпсіз жол бойынан өткізу үшін, арнайы сезгіш датчиктері іске қосылып, жол жамылғысы жарықтанады.  

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, Сарыағаш қаласында пайдалануға берілген бұл ақылды жаяу жүргінші жолы тұрғындардың жол қауіпсіздігін сақтауда үлкен септігін тигізуде. Елдің қауіпсіздігіне арналған жүйе алдағы уақытта халық көп жүретін маңызды жаяу жүргінші жолдарға орналастыратын болады.


®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Cарыағашта ақылды жол бар