Жаңа оқу жылына - жаңа мектеп

Screenshot_16.jpg

Жалпы Мақтаарал ауданын құрылыс нысандарының ордасына айналдыру үшін 40 шақты жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленген болатын. Оның ішінде аудан орталығы Мырзакент кентіндегі орталық стадионды қайта құру, Мақтаарал ауылдық округі Азаттық елді мекенінде ипподром салу жобалары да бар. Сондай-ақ бірнеше білім ордалары бар. Нақтырақ айтқанда биыл өңірде  7 мектептің құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, 300 орындық К.Үкібаев пен Қ.Қайсенов атындағы мектептер, 200 орындық С.Датұлы, Мақтажан, Қ.Абдалиев, Қ.Аманжолов, Т.Бигелдинов атындағы мектептер жаңадан салынып, оқушылары көп күтпей заманауи ғимаратта білім алатын болады.

Бұл білім нысандарының 2-еуі биылдан қалмай пайдалануға берілсе, 5-еуі келесі жылға өтпелі. Конкурстық құны 937 098,2 мың теңгені құрайтын Жамбыл ауылдық округі, Кеңесшіл ауылындағы 300 оқушығы арналған К.Үкібаев атындағы мектеп пен конкурстық құны 921 622,1 мың теңгені құрайтын А.Қалыбеков ауылдық округі, Атамұра елді мекеніндегі Қ.Қайсенов атындағы 300 орындық мектеп жыл соңына дейін ел игілігіне берілетін болады.

Бұдан бөлек, ауданда көптеген әлеуметтік нысандарды құру бойынша жобалық-сметалық құжаттамалар әзірлену үстінде. Мәселен, биыл 3 мектептің, 1 спорт кешенінің, Мырзакент кенті әкімі аппараты ғимаратының, 2 мәдениет үйі мен 1 кітапхананың жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалуда.


®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Жаңа оқу жылына - жаңа мектеп