Амфитеатр - Маңғыстаудың сыйлығы

Screenshot_7.jpg

Киелі шаһар Түркістанның облыс орталығы атанып, статусы жоғарылағанына барша қазақ елі қуанды десек артық емес. Қаланың қуанышына ортақтасқан кейбір өңірлер сый жасап, құрмет көрсетуде. Мәселеген Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі киелі өңірге жарық музыкалық субұрқақ нысанын сыйға тартпақ. Сәуір айының соңында басталған құрылыс алаңындағы жұмыстың бүгінде қарқыны қызу.

  Ал Маңғыстау облысы әкімдігі Түркістанға заманауи амфитеатр сыйламақ. Биылғы жылдың сәуір айында құрылыс жұмыстары басталған ғимарат қазан айында аяқталады деп жоспарланып отыр. 1000 орынға лайықталған заманауи кешеннің жалпы көлемі 2400 шаршы метрге тең. «Рухани-мәдени орталық» аймағындағы 0,56 гектар жерге жүргізіліп жатқан құрылыс алаңында күндіз – 22, түнгі аусымда 10 жұмысшы еңбек етуде.

    Құрылысқа жауапты «АА-Стройинжиниринг» ЖШС мердігер компаниясының учаске бастығы Абай Абдурахманов  жұмыс өз қарқынымен жүргізіліп жатқандығын айтып, алдағы уақытта нысан келісілген мерзімде аяқталататындығын жеткізді. 

      Елбасы – Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың бастамасымен Түркістан қаласының облыс орталығы атану құрметіне орай республикамыздағы өзге облыс әкімдіктері жаңа облыс орталығына бір-бір ғимараттан салып,  сыйға тартатын болады. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Таза табиғат – туризмнің басты кепілі
  • Көрікті өлкенің келешегі – туризмде
  • Алатау – туризмнің драйверіне айналған ауыл
  • Экотуризмге инвестиция тарту жалғасуда
  • Төлеби – төрт мезгілдік туризмнің мекені
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер