Бір маусымда бірнеше өнім жинайды

Screenshot_19.jpg

Келестік диқандар жыл басынан бері егістікке үш рет көкөніс түрлерін отырғызып, мол өнім жинауға дайындалып жүр. 

Былтыр осы әдісті тәжірибе ретінде қолданған шаруалар табысты болған. Жердің бабы мен күн райының қолайлы кезеңін үйлестіре білгендіктен, тәжірибе үшін бірінші қырыққабат, сосын картоп,  соңында қызанақ пен қияр өсірген. Бүгінгі таңда аудандағы Қошқарата ауылдық округінде орналасқан «Асқар» шаруа қожалығының диқандары алғашқы өнімдерін жинап, екінші рет егін егуге әзірлік жасауда. Дихан үшін пайдалы болатын мұндай тәжрибені аудандағы басқа да шаруаларға насихаттау мақсатында ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен, әкім орынбасары Абай Жаңбырбаев төрағалық етіп  шаруалардың басын қосып кеңес өткізді. Ол семинар техника ғылымдарының кандидаты Бердияр Есбатырұлы атындағы шаруа қожалығында болды.  Семинарға аудан төңірегіндегі өзге де егістік иелері мен аграрлық салаға қатысты мамандар қатысып, сұрақтарын қойып, ақыл-кеңестерін алды. Енді шаруалардың  пайдасы үшін осындай семинарларды тұрақты түрде жалғастыру жоспарлануда. Өйткені, бір маусымда жерден үш рет өнім жию аграрлық сала мен шаруаға да тиімді. Осыдан кейін арнайы аграрлы индустриалды аймақ құрылып, өнімдерді сақтауға арналған қоймаларды көбейту міндеттелді. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады
  • Қала әкімі мәслихат депутаттарының алдында есеп берді
  • Шымкент пен Адана қалалары арасында экономикалық және туристік келісімге қол қойылды
  • Қандастарға қаланың көрікті жерлері паш етілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер