Бәйдібектің келіндері енді күл шығармайды

Screenshot_18.jpg

Бәйдібек ауданындағы Жамбыл ауылына газ берілді. Бұл күні жамбылдықтардың қуанышын бөлісуге аудан әкімі Бақытбек Танагөзов құттықтады. 

«Егемендік алған жылдардан бері елімізде, оның ішінде біздің ауданда бірқатар ауқымды шаруалар жүзеге асып, ел игілігіне жұмсалуда. Жамбылды газдандыру ісі де соның бір мысалы,- деген аудан басшысы тәуелсіздіктің арқасында әлі талай елге пайдалы тірліктер жүзеге асатынын айтып, көпшілікті қуантып қойды. Ауданның «Құрметті азаматы», еңбек ардагері Әбдіхалық Ағабеков енді келіндердің көмір тасып, күл шығармайтынына, жалпы елдің қара күзден көктемге дейін әбіржімейтінін айтып, ауылдастары атынан алғысын  білдірді.

Аудан орталығы Шаянға 2015 жылы «Бейнеу-Шымкент» магистральді газ құбырының құрылысы жүргізіліп, қараша айында көгілдір отынның алауы жағылып, аудан орталығына газ келген болатын. 2016 жылдан бастап аудан орталығының халқы газ жүйесін үйлеріне кіргізіп, рахатын көре бастады. Игілікті іс мұнымен тоқтаған жоқ. Тағы облыс бюджетінен қаржы бөлініп, 2017-2018 жылдары аудандағы 8 елді мекенге газ құбырының құрылысы тартылған. Осы сегіздің үшеуі Жамбыл ауылдық округіне қарасты ауылдар. Қазіргі таңда газ округ орталығына берілсе, қалған екі ауылға жақын уақытта кезек-кезеңімен қосылады. Осыдан кейін аудандағы 7 елді мекенде газ құбырының құрылысы басталады. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады
  • Қала әкімі мәслихат депутаттарының алдында есеп берді
  • Шымкент пен Адана қалалары арасында экономикалық және туристік келісімге қол қойылды
  • Қандастарға қаланың көрікті жерлері паш етілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер