30 елді мекен газ жүйесіне қосылды

20171212123245.jpg

Түркістан облысы бойынша биылғы мамыр-маусымда аймақтағы 34 847 тұрғыны бар 30 елді мекен газ жүйесіне қосылды.

Жақсы жаңалықты жариялаған әкімдік қызметкерлері енді тұрғындардың өз үйлеріне газ кіргізіп алуға қолқабыс етуде. Ол үшін көгілдір отынға қажеті  құрылыс материалдары мен кететін шығынды айтып түсіндіріп жатыр. Бұл салада қашан ауыл-аймақ толық газбен қамтылғанша облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы қала, аудан әкімдері және «ҚазТрансГазАймақ» АҚ өндірістік филиалымен бірлесіп қызмет атқарады. Елдімекендерді газға қосу жұмыстары бюджет қаржысы есебінен іске асады. Басқарма мамандары әр ауылда апта сайын қанша тұрғынның газ жүйесіне қосылған жайлы жұма сайын мониторинг жүргізуде.  Қалған елді мекендерге газ кіргізу облыстың кешенді даму іс-шара жоспарына сай қолға алынбақ. 

Былтыр Сайрам ауданында 12 елді мекен, яғни 42 ауылдың 31-і көгілдір отынмен қамтылып, аудан халқының газбен қамтылуы 73,8 пайызға жеткен еді. Биылдың өзінде 7 елдімекенге газ тарту жоспарланып отыр. Соңғысымен қосқанда аудан халқын көгілдір отынмен қамту деңгейі 90,4 пайызды құрамақ. Жалпы, аталған 42 елдімекеннің барлығына 2020 жылға толық газ кіретін болады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 2,5%-бен 5 мың микрокредит: 2025 жылғы "Ауыл аманаты" бағдарламасындағы өзгеріс
  • Қазақстан және ЕАЭО: Экономикалық жетістіктер мен ел үшін негізгі тиімділігі
  • Қазақстандағы АЭС құрылысын қай компания жүргізеді?
  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер