Шаруа қожалықтарда тіршілік қайнауда

Screenshot_4.jpg

Мақтаарал ауданында ауыл шаруашылығы бойынша құны 1 миллиард теңгеден асатын 26 жоба аудан әкімдігі тарапынан әзірленіп, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына ұсынылған болатын. Соның ішінде 150 миллион теңге болатын 6 жоба іске асырылған. 

Атап айтсақ, Мақтарал ауылдық округінде орналасқан «Хамро ата» шаруа қожалығының төрағасы Абдужалил Боев 5 гектар жерге алма бағын өсіріп отыр. Сондай-ақ, "Вита фреш" жеке кәсіпкерлігінің басшысы Равиль Хасанов 6,6 гектарға, "Весна" шаруа қожалығының басшысы Батыр Хайдаров 5 гектар жерге және "Отан ана" шаруа қожалығының басшысы Данияр Ажикабулов 7 гектар жерге пленка астында егу технологиясын қолдана отырып, жылына 2-3 рет өнім алу әдісін ендірген. Ал, "Сракулова" жеке кәсіпкерлігінің басшысы Айгул Сракулова 2600 бас қаз бақса, "Хасан" жеке кәсіпкерлігінің басшысы Хасан Алланазаров 50 басқа лайықталған мал бордақылау алаңын іске қосты. Ауылдық округтерді аралаған аудан әкімі Бақыт Асанов жүзеге асырылған жобалармен танысып, ашылған кәсіпті әрі қарай өркендетіп, қосымша жұмыс орындарын ашу керектігін тілге тиек етті. Сондай-ақ, халықтың әлеуетін көтеретін осындай жобаларды көбейту үшін аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысына арнайы тапсырма берді.

Ауданда бүгінде ПУИД-2 жобасының І кезеңі бойынша құрылыс жүргізу үшін әзербайжандық "Акилик Груп" компаниясы 10,086 миллиард теңгені жеңіп алған. Жалпы құрылыс жұмыстары 30 айға жоспарланып отыр. Жалпы Мақтаарал ауданында ПУИД-2 жобасы 39796 гектар аумақты қамтып, 3 кезең бойынша жүргізіледі. Жоба аясында 223 канал, 208 су қашыртқысы, 149 тік дренаж күрделі жөндеуден өтіп, қайта қалпына келетін болады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады
  • Қала әкімі мәслихат депутаттарының алдында есеп берді
  • Шымкент пен Адана қалалары арасында экономикалық және туристік келісімге қол қойылды
  • Қандастарға қаланың көрікті жерлері паш етілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер