183 мың тонна астық жиналды

Screenshot_5.jpg

Мамандардың дерегінше бүгінде  Түркістан облысындағы бидай алқабының 44 пайызы орылған. Яғни, 94 мың гектардан  183 мың тонна астық жиналды. Әр гектарынан 21 центнерден өнім алғанда жалпы 218 мың гектардан 463 мың тонна астық жинау жоспарлануда. Астық оруға 1012 дана астық комбайндардың  90-95% дайындалып, жинау жұмыстарын атқаруда.

Комбайн демекші, Ордабасы ауданы Бөржар елді мекеніндегі «Мақта компаниясы» ЖШС-на барған Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев егіс алқабында комбайн жүргізіп, бидай орды. Егіс көлемімен, ауыл шаруашылығы саласындағы жұмыстармен танысып, шаруалардың ұсыныстарын тыңдады. Сонымен қатар, облыс басшысы  сала басшыларына жаз мезгілінде ағын су мәселесін қадағалап, шаруалардың жағдайын бақылауда ұстау қажеттігін тапсырды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау көлемін ұдайы арттыруды жүктеді. Облыста астық жинау жұмыстарымен қатар, ауыл шаруашылығы дақылдарынан бүгінгі таңға 211,4 мың тонна картоп, 553,3 мың тонна көкөніс, 592,4 мың тонна бақша дақылдары жиналып, ішкі сұраныстан басқа шетелге экспортталуда. Жыл соңына дейін 2,7 млн. тонна картоп, көкөніс, бақша өнімдерін жинау жоспарланып отыр.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақовтың мәлімдеуінше, биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 823 мың гектарға егілген. Бұл өткен жылдан 9,8 мың гектарға артық. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыруға сәйкес арпа – 1,8 мың гектарға артып, 40 мың гектар, дәндік жүгері – 2,2 мың гектарға артып, 46 мың га, картоп, көкөніс, бақша дақылдары – 5,9 мың гектарға артып, 119,8 мың га, мал азықтық 15,9 мың гектарға артып, 205,8 мың гектарды құрап отыр. Ал бидайдың егіс көлемі биыл 218 мың гектарға жетсе, майлы дақылдар – 96,8 мың га, мақта – 129 мың гектарға егілген.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады
  • Қала әкімі мәслихат депутаттарының алдында есеп берді
  • Шымкент пен Адана қалалары арасында экономикалық және туристік келісімге қол қойылды
  • Қандастарға қаланың көрікті жерлері паш етілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер