Қасқасуға келушілер көбейеді

Screenshot_6.jpg

Туризмі дамыған Төле би ауданы, Қасқасу елді мекені, ««Еco Village Кaskasu» демалыс аймағында «Қасқасу» тау-шаңғы курортын дамыту бойынша халықаралық сарапшылардың қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті.

                  Облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай,  «дөңгелек үстелге» мемлекеттік органдар, «Dianeige France», «STEM International France»,  «MND Group France» сияқты халықаралық компаниялардың сарапшылары, Ресей және еліміздің халықаралық шаңғы федерациясының инспекторлары қатысқан.  Түркістан облысы әкімінің орынбасары М.Мырзалиевтың басшылығымен өткен іс-шараның басты мақсаты – жобаны халықаралық сарапшылармен алдын ала талқылау және ұсыныс - пікірлерін білу.

Жиында сөз алған «MND Group France» компаниясының директоры Фрере Эдди  жобаның техникалық экономикалық тұрғыдан тиімді жасалынғандығын және өңірдің дамуына зор үлес қосатын айтса, Халықаралық шаңғы ферерациясының инспекторы Андрей Обыскалов жоба жүзеге асқанда құрылықтық және халықаралық іс-шаралар өткізуге мүмкіндік пайда болатынын жеткізді. Бүгінгі таңда «CG Group» компаниясы қонақ үй кешендерін салуға қызығушылық танытып отыр. Жобаны іске асырудың бірінші кезеңінде келушілер саны 110 мыңнан 140 мың адамға дейін артады деп күтілуде.

                   


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады
  • Қала әкімі мәслихат депутаттарының алдында есеп берді
  • Шымкент пен Адана қалалары арасында экономикалық және туристік келісімге қол қойылды
  • Қандастарға қаланың көрікті жерлері паш етілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер