Жетісайда асфальт зауыты іске қосылды

Screenshot_4.jpg

Агросекторы жақсы дамыған  жетісай ауданы күннен күнге көркейіп келеді. Қазіргі таңда мұнда  жол жөндеу жұмыстары қарқын алған. Мамандардың дерегінше аудан орталығындағы М. Әуезов көшесінің 2 шақырымдық аймағындағы орта жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын.

Бұдан бөлек, қала, кент, ауыл округтері мен «Шардара-Жетісай» автомобиль жолының бірқатар бөліктерінде жол жөндеу жұмыстары жалғасуда. Аталған жұмыстарға қажетті асфальт Жетісай ауданының өзінде әзірленуде.

Айталық, жуырда Жетісай ауданы, Қазыбек би ауыл округінде «Ханшебер» ЖШС-гі сағатына 100 тоннаға жуық асфальт өндіретін зауытты іске қосты. Қазір мұнда 30-ға жуық адам жұмыспен қамтылған. Зауытқа қажетті негізгі шикізат Шымкент қаласынан тасымалданады.

Кәсіпорынның бас механигі Ермахан Әшірбаевтың айтуынша, Жетісай ауданындағы жол жөндеу жұмыстарына қажетті асфальтты Шымкенттен тасымалдау тиімсіз. Оның үстіне жол қашықтығы 250 шақырымды құрайды. Сондықтан аталған серіктестік құрылыс нысандарына жақын жерден асфальт зауытын салып, қосымша тапсырыстарды да тоқтатпай қабылдап жатыр екен.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады
  • Қала әкімі мәслихат депутаттарының алдында есеп берді
  • Шымкент пен Адана қалалары арасында экономикалық және туристік келісімге қол қойылды
  • Қандастарға қаланың көрікті жерлері паш етілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер