Тұрғындардың тыныштығын қамтамасыз ететін мекеме

Screenshot_9.jpg

Енді төлебилік тұрғындар қоғамдық тәртіп, тыныштықты күзету бойынша өздерін мазалап жүрген сауалдарына жауапты фронт-офистен ала алады. Жақында аудандық полиция бөлімінде Төлеби ауданы әкімдігінің қолдауымен фронт-офис ашылды. Халықтық кеңсенің ашылу салтанатына  Түркістан облысы Полиция департаментінің басшысы Қайрат Дәлбеков, Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков, аудандық мәслихаттың хатшысы Нұрлан Қойбағаров тағы басқа басшылар қатысты.  Ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Б.Омарбеков: «Мұның барлығы халықтың құқық қорғау органына, сот жүйесіне деген сенімін арттыру мақсатында жасалып жатқан жұмыстар. Азаматтар полиция ғимаратына келіп өзінің толғандырған сұрақтарына дер кезінде жауап алып, полиция қызметкерлерімен тығыз жұмыс істей алады. Халқымыздың амандығын сақтау мен Отанымыздың өркендеуіне қосып жатқан үлестеріңіз аз емес, еңбектеріңіз әрқашан жемісті де табысты болғай!» деді.

    Аталмыш кеңсе Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған жол картасы аясында іске асып отыр. Бұл өз кезегінде аудан азаматтары үшін полиция қызметкерлерімен кері байланыс жасауға мол мүмкіндік береді. Орталық заман талабына сай толығымен компьютерлік техникалармен және жиһаздармен жабдықталған. Аталған нысанда азаматтарды қабылдауға барлық жағдай жасалып, бейнебақылау жүйесі тартылған. Мұнда  ішкі істер органдарына қатысты сұрақтар арнайы мамандарға жолданады. Қабылданған арыз-шағымдардың қаралуы қадағалауда болады. Мамандар салаға қатысты кеңестер беріп, тұрғындардың мәселелерін қарайды. Фронт-офисте жергілікті полиция қызметінің, әкімшілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері және  анықтаушылар мен тергеушілер, көші-қон қызметі тобының мамандары халыққа сапалы қызмет көрсетпек. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады
  • Қала әкімі мәслихат депутаттарының алдында есеп берді
  • Шымкент пен Адана қалалары арасында экономикалық және туристік келісімге қол қойылды
  • Қандастарға қаланың көрікті жерлері паш етілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер