«Бастаумен» бизнес бастамақшы

Screenshot_17.jpg

Өңірдегі қаржылық сауаттылықты арттыру, жаңа бизнес көздерін ашу мақсатында Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен «Бастау бизнес» жобасы бастау алғаны белгілі. Аталмыш жоба Шардара ауданында да жүзеге асырылуда.  өз жұмысын жалғастыруда. Бүгінде ауданында жобаның екінші лектегі тыңдаушылары оқуды аяқтап, бизнес жоспарларымен бөлісті.

Ауылшаруашылығымен айналысамын деушілерге мемлекет тарапынан көптеген мүмкіншіліктер қарастырылған. Ал, Атамекен Ұлттық кәсіпкерлік палатасы бұл жолы көп балалы отбасыларға қолдау көрсетуді жөн санаған. Аталмыш жоба арқылы кәсібімді жандандырамын деушілердің бірі Санжар Сариев. Ол балық шаруашылығына ең қажетті мұз өндіру жобасын ұлғайтуды көздеп отыр.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» 2017 - 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы республика көлемінде жүргізілуде. Жеке кәсібін ашам деуші 77 түлек жоспар бойынша бітіріп шықты.

Айта кетейік, «Бастау бизнес» жобасын бітірген 6 жоба мемлекеттің қайтарымсыз грантына қол жеткізеді. Одан бөлек 19 жобаға несие беру қарастырылған. Бастысы халықтың әл-ауқатын жақсарту.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады
  • Қала әкімі мәслихат депутаттарының алдында есеп берді
  • Шымкент пен Адана қалалары арасында экономикалық және туристік келісімге қол қойылды
  • Қандастарға қаланың көрікті жерлері паш етілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер