Тотыдайын түрленіп келе жатқан Түркістан қаласында ауқымды жоспар баршылық. Мұнда түрлі мемлекетік мекмелер, мәдени ошақтар, сауда, ойын-сауықтықтық орындар мен тұрғын үйлер бой көтермек. Рухани астананың облыс орталығы мәртебесін иеленгеніне жергілікті тұрғындар ғана емес күллі қазақ жұрты қуанды десек артық емес. Сол себепті Түркістанның дамуына тек өңір ғана емес, өзге де облыстар да атсалысып жатыр. Осы мақсатта Түркістан және Ақтөбе облысының берлесуімен көне қалада мәдениет ошағын бой көтермек.
Жақында Ақтөбе облысының басшысы Оңдасын Оразалин, қалада құрылысы жүріп жатқан драма театрдың жұмысымен танысты. Аталған нысан екі өңірдің бірігіп қаржыландыруымен салынып жатыр. 4 қабаттан тұратын мекеменің жалпы көлемі 9700 шаршы метрді құрайды. Барлық талаптарға сай келмек. 510 адамға арналған көрермен залы, арнайы автотұрақ орны да бар. Маусым айында басталған ғимарат, 2020 жылдың соңында аяқталады деп жоспарланып отыр. Құрылыс жұмыстары аяқталса мұнда түрлі іс шаралар өтіп, театрлық қойылымдар көрермен назарына ұсынылмақ.