Сайрамда жылыту қазандықтары шығады

Screenshot_19.jpg

Сайрам ауданы Ақсукент елді мекенінде жылыту қазандықтарын шығаратын кәсіпорын бар. «АРТ сапалы құрылыс» ЖШС қуаттылығы 100 мың шаршы метрге жететін қазандықтар шығаруда.

Бұл кәсіпорындағы қазандықтар газ, дизель және көмірмен жұмыс істейді. Жылыту қондырғы  тек ғана жылу ғана емес жылы су мен буды да береді. Бу қазандықтарына мұнай өндіру компаниялары қызығушылық танытып отыр. Өндіріс ошағында  60 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Алғашқыда біз метал өнімдерін шығарудан бастағанбыз. 2010-шы жылдан бастап жылу қазандықтарын шығара бастадық.  Қазіргі таңда шағын аудандарға қойып жатырмыз. Түркістан, Тараз қалаларына, сонымен қатар Отырар ауданындағы шағын аудандарға қазандықтарымызды қойдық»,- дейді кәсіпорын директоры Нұрлан Нұрышов. 

Кәсіпорында жылыту қазандықтардан бөлек қосымша сервис орнату қызметін көрсетеді. Бүкіл жабдықтар арнайы контейнерге орналастырылады. Серіктестік директоры кәсіпорынды кеңейту мақсатында  Шымкент қаласындағы индустриялды аймақта қазандық шығаратын  тағы бір зауыттың  ірге тасын қалаған. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады
  • Қала әкімі мәслихат депутаттарының алдында есеп берді
  • Шымкент пен Адана қалалары арасында экономикалық және туристік келісімге қол қойылды
  • Қандастарға қаланың көрікті жерлері паш етілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер