«Алтын қор» мемлекеттік қызметке шақырады

Screenshot_10.jpg  

Оқу орнын бітірген жас түлектің басты мәселесі жұмысқа орналасу. Бұл проблема Түркістан облысында оңтайлы шешімін табуда. Өңірде «Алтын қор» жобасы арқылы мамандығы бойынша жұмысқа орналасып жатқан жастар көп. Жақында дәстүрге айналған шара жалғасын тапты.   Жоғары оқу орнын үздік бітірген түлектерді жұмысқа орналастыру, оның ішінде мемлекеттік қызметке шақыру мақсатында екі күндік «Алтын қор» жастардың кадрлық резервін дайындау шарасы осымен 4 рет ұйымдастырылып отыр. 

Шара аясында жыл сайын жоғары оқу орындарын үздік бітіруші 3 мыңға жуық жастарға облыс әкімдігі мен ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментімен бірлесіп арнайы семинар-тренингтер, кездесулер, ашық есік күндері ұйымдастырылады.

Биыл да дәстүрлі түрде жалғасын тауып отырған жоба аясында жыл басынан бері 1500 түлекпен түрлі бағытта кездесулер өткізілді. Ал, бүгін мемлекеттік қызмет жасауға құлышынысы жоғары 100-ге жуық жастың қатысуымен Төлеби ауданында 2 күндік семинар-тренинг өткізіліп отыр.

Жобаға қатысушы жастар «Алтын қор» жастар кадрлық резервінің мүмкіндіктері, «Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу тәртібі», «Жұмыста жеке қабілеттерді тиімді пайдалану» тақырыптарында арнайы мамандардың ақыл-кеңесін тыңдады. Сонымен қатар, жастар ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Ғ.Тұрсынбаев, Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Ұ.Тәжібаевпен мемлекеттік қызметтің қыр-сыры, қиындықтары мен қызығы жайлы еркін форматтағы кездесу өткізді. Содан кейін «Алтын Қор» жастар кадрлық резервінің түлектері Саду Бекзат пен Мұсаев Арман осы жобаның жастарға берері мол шара екендігін айтып, өз тәжірибелерімен бөлісті.       

Аталмыш жоба аясында психологиялық тренингтер, мәдени және спорттық шаралар ұйымдастырылып, қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстандағы АЭС құрылысын қай компания жүргізеді?
  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады
  • Қала әкімі мәслихат депутаттарының алдында есеп берді
  • Шымкент пен Адана қалалары арасында экономикалық және туристік келісімге қол қойылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер