Мал санын көбейтіп отыр

Screenshot_9.jpg

Бәйдібек ауданы Жамбыл ауылдық округіне қарасты Тасқұдық ауылында «Төлебай-Баба» шаруа қожалығы малдың санын көбейтіп, кәсібін дөңгелетуде.

Уақытында «Жамбыл-ата» ұжымы тараған соң, өз күшімен ата кәсіпті қолға алған Зәуіртай Көлбаев 2009 жылы «Төлебай-Баба» шаруашылығын ашты. Сол уақыттан бері ауыл шаруашылығы саласында тынымсыз еңбек етіп келеді. 

Бүгінде басқа өңірде тұрып жатқан Көлбаевтар отбасы «Туған жерге - туыңды тік» деген ұранды ұстанып, туған жерінде атқарған еңбегінің жемісін көріп отыр.  Шаруа қожалықтың иелігінде 320 гектар жайылым жері мен төрт-түлік малға арналған заманауи үлгіде салынған қора-жайлары бар. Тұрғын үйі және бордақылауға арналған қоралары мен жем-шөп дайындайтын алаңдарына электр қуаты тартылған, қосымша су ұңғымасы мен күннен қуат алатын батареясы да бар.

- Шаруашылықпен айналысу оңай шаруа емес, алға қойған бірнеше мақсатымыз бар. Мал сою бекеті мен мал тоғыту әуітін салып,  жақын маңда орналасқан шаруа қожалықтарға қызмет көрсету арқылы кәсібіміздің ауқымын кеңейтпекпіз, - дейді қожалық иесі.

Бордақылау кезінде жылқы, сиыр, уақ малдан - жалпы ет өнімімен жергілікті ауыл тұрғындарын қамтамасыз етіп, көпшіліктің көңілінен шығып отырған кәсіпкер өз ісін одан әрі жандандыруда.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстандағы АЭС құрылысын қай компания жүргізеді?
  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады
  • Қала әкімі мәслихат депутаттарының алдында есеп берді
  • Шымкент пен Адана қалалары арасында экономикалық және туристік келісімге қол қойылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер