Тәтті кәсіпті меңгергендер

Screenshot_8.jpg

Түлкібас ауданында омарташылық кәсіп қызып тұр. Бүгінгі таңда  аудан бойынша 21 бал ара шарушылығында 1436 ара ұясы тіркелген.  Осы саланы жете меңгерген Шақпақ-баба ауылының тұрғыны Нұрақбай Тәжіқұлов. 

-Менің негізгі мамандығым жүргізуші. Омарташылық кәсіпке сонау 1968 жылдары мектеп оқып жүргеннен бері қызығушы едім. Көршіміз бал арасымен айналысатын. Сол көршімізге көмектесіп жүріп, омарташылықтың қыр-сырын үйрендім.

Қазіргі таңда өзіміздің отбасылық кәсіпке айналып отыр. Бүгінде қожалығымызда 61 бал омартасы бар. Осы 61 бал омартасынан жылына 700-800 келіге дейін табиғи таза әсел жинап, еліміздің әр өңіріне өткізіп, тиімді жолмен еңбектеніп келемін. Қуантарлығы еңбек еш зая кетіп жатқан жоқ. Балға сұраныс көп. Себебі, табиғи балдың пайдасы өте жоғары. Әсіресе, денсаулыққа шипасы көп, – деді Н.Тәжіқұлов. 

Алдағы уақытта омарташы мемлекет тарапынан жеңілдетілген несиелерді пайдалынып, омарта саның 120 жеткізуді көздеп отыр. Осылайша тәтті кәсіпті қолға алған ол жергілікті тұрғындармен қатар республика өңірін де балмен қамтамасыз етуге ниеттенуде. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады
  • Қала әкімі мәслихат депутаттарының алдында есеп берді
  • Шымкент пен Адана қалалары арасында экономикалық және туристік келісімге қол қойылды
  • Қандастарға қаланың көрікті жерлері паш етілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер