Туризмді бірге дамытпақ

Screenshot_13.jpg

Өз ағамыз өзбектермен бағзыдан ауылымыз аралас, қойымыз қоралас елміз. Ала шапанды ағайынмен әсіресе шекаралас жатқан Түркістан облысының қарым-қатынасы жақсы. Осы орайда облыс әкімдігі Өзбекстан Републикасының туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік комитетінің қолдауымен Ташкент және Бұқара қалаларында Өзбекстандағы Қазақстан жылы аясында Road show ұйымдастырылды.

Іс-шараға  туризм саласындағы мемлекеттік мекеме өкілдері және 70-тен астам туристік ұйымдары қатысты. Онда Түркістан облысының туристік әлеуеті таныстырылып,  Өзбекістанның туристік өкілдері зор қызығушылық танытты. Нәтижесінде, туристік ұйымдар арасында 10-нан астам келісімдерге қол қойылып, бірлескен туристтік маршруттар ұйымдастыруға келісті.

Сондай-ақ облыс делегациясы Ташкент қаласында «Сузук-ота» қол өнер шеберлері орталығы және Бұқара қаласында «Базори корд» темір ұсталар мен «Пойи калон» тоқыма шеберлер орталығы жұмыстарымен танысып бірқатар келісімдерге келді.

 «Сузук-ота» қол өнер шеберлері орталығы 5 га аумақта орналасқан. 2017 жылы құрылысы басталып 2019 жылдың мамыр айында пайдалануға берілді. Орталықта 30-дан астам шеберханалар жұмыс істейді. Негізгі бағыты – ағаш өңдеу және ағаш бұйымдарын жасау. «Сузук-ота» тарихта Қожа Ахмет Ясауидың ең сүйікті немересі болған. Ал, «Базори корд» темір ұсталар мен «Пойи калон» тоқыма шеберлер орталығында 100-ден астам шеберлер орналасқан. 



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстандағы АЭС құрылысын қай компания жүргізеді?
  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады
  • Қала әкімі мәслихат депутаттарының алдында есеп берді
  • Шымкент пен Адана қалалары арасында экономикалық және туристік келісімге қол қойылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер