Мал сою бекеті ашылды

Screenshot_15.jpg

Түркістан облысы Кентау қаласында, Кентау қаласына қарасты Жүйнек ауылында модульді мал сою алаңы құрылды. Нысан 2019 жылы жүзеге асырылатын басымды 50 жобаның бірі болатын.  Құны 11 миллион теңге тұратын бекет Алматы қаласынан әкелінген. Шаруақожалықтың атауы «НұрФархат».

Шаруақожалықтың төрағасы мәлімдегендей, мұнда мал союға барлық дайындықтар жасалынған. Бұл жерде мал дәрігері, екі қасап және лаборатория қызмет жасайды. Жалпы, 5 адам жұмыс істейді. Малды союға дейін анықтап, оның сау не ауру екенін тексеріп барып союға рұқсат беріледі. Сол кезде мал сою алаңына кіргізіледі.

Сонымен қатар, мал дәрігері әрбір келген малды тізімге алып, егесінінің аты-жөнін компьютерге енгізіп отырады. Бұл жоба қала әкімінің тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып отырғанын тілге тиек етті. Бекеттің ішінде арнайы сойылған малды сақтауға арналған тоңазытқыш бар. Тіпті мал сою алаңында, малдарын алдын ала әкеліп қоятын қора-жайға дейін жасалынған. Шаруақожалықтың айтуынша, 11 млн. теңгенің 5,5 млн. теңгесін мемлекет субсидияласа, қалғанын шаруашылықтың өзі өтеуі тиіс.  Бұл мемлекеттің арнайы шаруаларды қолдауға арналған бағыты. Заманауи үлгідегі мал сою алаңы ірі қара малдарды есептегенде, күніне 30 шақты малды союға қауқарлы.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстандағы АЭС құрылысын қай компания жүргізеді?
  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады
  • Қала әкімі мәслихат депутаттарының алдында есеп берді
  • Шымкент пен Адана қалалары арасында экономикалық және туристік келісімге қол қойылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер