Кәсібіне қолдау табылды

Screenshot_16.jpg

Ауыл тұрғындары арасында мемлекеттің қолдауымен кәсіп ашып, табыс тауып отырғандар көбейген. Шағын және орта бизнес өкілдері сондай-ақ жергілікті тұрғындарды да жұмыспен қамтып отыр. Шағын кәсіпті бастаушылар Отырар ауданында да жеткілікті. Мамандардың дерегінше ауданның тұрғындары жыл басынан халықты жұмыспен қамту орталығына өз өтінімдерін берген.

    Солардың бірі, Нұргүл Адибаева.  Ол нарықта ең өтімді тауарды анықтай келе, құрылыс заттарын сатуды жөн санаған. Жыл санап, табысы артқан ол техника күші қажет  екендігін түсінді. Жүк тасымалдайтын көлікті алу үшін шағын несие алған. Кредиттің пайыздық көрсеткіші төмен болғандықтан, оны қайтаруда қиындық болмайды деп сенеді. 5 жылдың ішінде кәсібімнің табысын арттырып алуға мол мүмкіндік деп сенеді. Алдағы уақытта жұмысшылар санын артыруды көздеп отыр. «Былтыр  аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінен 6 миллион теңге кредит алдым. Оған автокөлікті алдық. Оның мақсаты осы дүкендегі ауыр заттарды клиенттердің машинасына салып беру. Және оған жұмысшы алдым оның айлығын жақсы көлемде төлеп жатырмын. Алдағы уақытта кәсібімді кеңейтсем деймін»,- дейді Нұрғүл Адибаева.  


®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Кәсібіне қолдау табылды