Отандық өнімге қолдау көрсетілмек

Screenshot_17.jpg

Түркістан қаласында  алғаш рет құрылысшылар форумы өтті. Жиынның мақсаты  шаһардағы құрылыс жұмыстарына отандық тауарларды қолдану және құрылыс материалдарын өндірушілер арасында байланыс орнату. Бір сөзбен айтқанда отандық өнімді қолдау. 

Бүгінде елімізде шетелдің брендтеріне қызығып, киім-кешектен бастап, жиһаз, құрылыс материалдарын өзге елдерден алдыртып жатады. Алайда біздің елде де дәл сол тауарлар өндіріледі. Сапасында да ешқандай мін жоқ, әрі  бағасы да қолжетімді. Осы орайда отандық өнімдердің деңгейін көтеріп, оны қолдауымыз аса қажет. Сондықтан, отандық өнімдерге қашан да маңыз бергеніміз жөн.  

«Түркістан облысыда жан-жақты құрылыс, сатып алу жүруде. BI Group компаниясымен бірлесіп жергілікті тауар өндірушілерді қолдау мақсатында ден қойып отырмыз. Кәсіпкерлер отандық тауар өндірушілердің тауарын алу керек. Кей құрылыс заттарын біз шетелден  алып жатамыз. Тура сол жиһаз бізде де бар»,- дейді Түркістан облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Берік Кенжебаев.  

Алдағы уақытта  қарқын алған құрылыс жұмыстарына отандық өнімдерді молынан тарту үшін  жергілікті кәсіпкерлермен байланыс орнатылмақ.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстандағы АЭС құрылысын қай компания жүргізеді?
  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады
  • Қала әкімі мәслихат депутаттарының алдында есеп берді
  • Шымкент пен Адана қалалары арасында экономикалық және туристік келісімге қол қойылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер