Автобекет шығыс стилінде салынады

Screenshot_18.jpg

Түркістанда жаңа автовокзал ашылмақ. Желтоқсан айында іргетасы қаланған теңдесіз  автобекеттің, құрылысы аяқталуға жақын. Енді шаһар тұрғындары мен қонақтарының рухани қаладан тікелей көрші мемлекеттерге сапарға шығуына мүмкіндік тумақ.

Шығыс үлгісінде салынып жатқан автобекеттің аумағы 3 гектарды құрайды. Мұнда  күту залы, билет кассалары,  медициналық   және диспетчерлік пункт, сондай –ақ,    ана мен бала бөлмесі де  қарастырылған.  Бүгінде нысанның құрылысын 90 жұмысшы жүргізуде.  Мамандардың айтуынша, автобекет тиісті мерзімінен бұрын аяталмақ.

 «Бүгінде құрылыста 90 адам жұмыс істеп жатыр. Енді тек сырлау, әрлеу жұмыстары қалды»,- дейді «Қасиет» ЖШС директорының орынбасары Асқар Шалабаев. 

 Озық үлгіде салынып жатқан авовокзал  арқылы тікелей Ташкент, Самарқанд, Хоргос сынды көрші мемлекеттерге қатынауға болады.  Құрылысы аяқталғаннан кейін мұнда 50-ге жуық азамат жұмыспен қамтылады. Жобаның жалпы құны - 1 млрд 875 млн теңгені құрайды. 

 Түркістанда бұдан бөлек өзге де ғимараттардың құрылысы аяқталуда. Мәселен 300 орынға лайықталған мектеп қазан айында пайдалануға берілмек. Күннің күрт ысып, ауа райының қолайсыздығына қарамастан қаладағы құрылыс жұмыстары бір сәтке тоқтап қалған жоқ. Ал ғимараттар мен нысандардың құрылысына қажетті материалдардың барлығы отандық тауар өндірушілердің өнімдері.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстандағы АЭС құрылысын қай компания жүргізеді?
  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады
  • Қала әкімі мәслихат депутаттарының алдында есеп берді
  • Шымкент пен Адана қалалары арасында экономикалық және туристік келісімге қол қойылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер