Мақтаның отандық сортын еккен

Screenshot_2.jpg

Балығымен танылған Шардара ауданында соңғы жылдары мақта өсіру ісі қарқын алған. Мәселен Жаушықұм ауылдық округіне қарасты «Иіржарагро» шаруақожалығы 350 гектар жерге мақтаның жергілікті сортын еккен. Сонымен қатар, шаруа қожалығы алқапты тамшылатып суғару әдісін де қолға алған. Оңтайлы іске көшкен «Иіржарлықтар» былтырғы жылмен салыстырғанда биыл өнімді мол жинайтынына сенімді.

Мына американдық трактордың егін басында атқаратын жұмысы маңызды. Ол мақтаның өсуіне кедергі келтіретін арам шөпке тосқауыл болатын  дәрі шашады. «Иіржар агро» шаруақожалығы алғашқы жұмысын  2015 жылы осы Жаушықұм ауылында   бастаған. Алғашқыда    «хинлужонг» қытай мақтасымен жергілікті 47-27 дәнін екті. Соңғы екі жылда «Элита мақтарал 40-11» деп аталатын жергілікті мақта  сортын   егумен айналысты. «Бұл отандық өнімге қызығушылар өте көп. Өйткені,  бұл сорт мақтаның басқа түріне қарағанда, дәнді көп салады»,-дейді шаруалар.  

Бұл шаруашыққа 500 гектар жер аумағы тиесілі. Оның 350 гектар жеріне мақта, ал    қалған 150 гектарға бау-бақша өнімдері егілген.  Жақсы күтімнің арқасында өнімдер    жайқалып тұр. Енді диқандар тамыз айының соңғы он күндігінен бастап     өнімдерін  жинауға кіріспек.   


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстандағы АЭС құрылысын қай компания жүргізеді?
  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады
  • Қала әкімі мәслихат депутаттарының алдында есеп берді
  • Шымкент пен Адана қалалары арасында экономикалық және туристік келісімге қол қойылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер