Көгалдандырады әрі табыс табады

Screenshot_4.jpg

Қазығұрт ауданында «Жасыл ел» республикалық бағдарламасының жаңа маусымы басталды. «Жасыл ел» жасағында ауданның көгалдандыру жұмыстарына үлес қосып жүрген жастардың бірі Қозы Қасымхан  да бар. Ол екінші курс студенті.   Жазғы демалысын бос өткізбей жасыл елдік жастармен Қизылқия ауылындағы шаруашылықта  жұмыс істеп жүр. Жазғы демалысын тиімді, көңілді өткізумен қатар, табыс табу да жоспары бар.

“Жасыл Ел” бағдарламасы бойынша  жұмысқа тартылатын жастардың саны да жыл санап артуда. Мәселен, биылғы маусымдық жұмысқа 10 студент  жұмысқа келіп өздеріне берілген міндеттерін атқаруда. Биылғы жылы  шаруашылық тарапынан  төленетін еңбекақының көлемі де біршама ұлғайыпты.

Елбасы бастамасымен 2005 жылы құрылған бағдарламаның негiзгi мақсаты - жастардың күшiмен елiмiздi көгалдандыру. Елдімекен айналасын жасыл ағаштармен көмкеріп, көркейту. Сонымен қатар жастардың Отанға, жерге, табиғатқа деген патриоттық сезiмiн ояту. Ең бастысы – жылына қаншама жасты жұмысқа тарта отырып, олардың арасындағы жұмыссыздықты төмендету.

Бағдарлама биыл 19-шы жыл өз жұмысын жалғастырмақ.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады
  • Қала әкімі мәслихат депутаттарының алдында есеп берді
  • Шымкент пен Адана қалалары арасында экономикалық және туристік келісімге қол қойылды
  • Қандастарға қаланың көрікті жерлері паш етілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер