Табиғатына талай турист қызыққан

Screenshot_5.jpg

Табиғаты талайды тамсандырған Түлкібас ауданына соңғы жылдары ат басын бұратын туристердің саны артқан. Мамандардың дерегінше  жыл басынан бері ауданның таулы, тарихи орындарына  жалпы 6 062 турист келген. Соның ішінде 473 шетел азаматтары. Бұл көрсеткіштер былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1040 туристке немесе 14 пайызға артып отыр.

Баршамызға белгілі орналастыру орындары болмаса туризм де болмайды. Аудан аумағында 2 қонақ үй: «Карима» және «Ережеп Ата», 2 емдік-сауықтыру орыны: «Ақсу-Жабағылы оңалту сауықтыру кешені» және «Ақ-бұлақ балалар өкпе құрт емдік шипажайы», 7 балалар сауықтыру лагері: «Машат-Арасан», «Таң нұры», «Машат Ерке», «Арман», «Б.Саттарханов», «Отырар», «Орбита», 18 демалыс аймақтары келіп демалушы қонақтарға қызмет көрсетеді. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізінің Түлкібас ауданы аумағында да жол бойы қызмет көрсету орталықтары ашылып, жұмыс істеуде. 

Сонымен қатар Гүлдер, Водник балалар лагерлерін де қайта құрылымдау, қалпына келтірту жұмыстары жүргізілуде.

Аудан аумағында туризм саласын  дамытуға бағытталған біршама   инвестициялық жобалар биыл іске қосылуы жоспарланып отыр. Жобалар толығымен жүзеге асса апортымен танылған Түлкібас туристердің  ең сүйікті демалыс аймағына айналатынын сөзсіз.  


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады
  • Қала әкімі мәслихат депутаттарының алдында есеп берді
  • Шымкент пен Адана қалалары арасында экономикалық және туристік келісімге қол қойылды
  • Қандастарға қаланың көрікті жерлері паш етілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер