Бағы жанған «Бағы-Жахан»

Screenshot_7.jpg

Түркістан облысы Кентау қаласы Қарашық ауылында 2007 жылдан бері шаруашылықпен айналысып жатқан «Бағы-Жахан» шаруа қожалығы бүгінде бау-бақша жұмысын қарқынды дамытуда. Қожалық 20 гектар жердің 14 соттығына жүзім ексе, қалған жерге алма, өрік, шабдалы жемістерін өсіруде.

Шаруа қожалығының төрағасы Ш. Ботаевтың айтуынша, 1 гектар жерден 20-25 тонна жүзім жиналады екен. Жемістің көшеттері Сарыағаш өңірінен әкелінген. Сорты «Қара сұлу» деп аталады. «Жүзімге уақытында тыңайтқыштар себу маңызды. Күз мезгілінде жемістердің барлығы жиналып біткен соң тыңайтқыштар сеуіп тастаймыз. Сосын көктемде қайта көгере бастағанда 20 күн сайын дәрілеп тұрамыз», – дейді шаруа қожалық төрағасы. 

      Бұған дейін мақта егіп, кейін 2001 жылдан бастап бау-бақшамен айналысуды қолға алған шаруа қожалығы алдағы уақытта шаруашылықтың көлемін арттырып, жеміс түрін көбейтуді көздеп отыр. Биылғы жиналған өнімдер Түркістан облысының аудан-қалаларына, Алматы, Атырау облыстарына жіберілмек. Жиналған жүзімдер өз елімізден артылмайды, дегенмен, шаруа қожалығы өнімді көбейтіп, шетелге экспорттауды жоспарлап отыр.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады
  • Қала әкімі мәслихат депутаттарының алдында есеп берді
  • Шымкент пен Адана қалалары арасында экономикалық және туристік келісімге қол қойылды
  • Қандастарға қаланың көрікті жерлері паш етілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер