Жол сапасы жақсарып келеді

Screenshot_8.jpg

Сапалы жол - ел әлеуетін арттыратын маңызды факторлардың бірі. Қазіргі таңда, Келес ауданындағы республикалық маңызға ие автожолдың «Қызыләскер-Бесқұбыр» елді мекендері аралығына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме - «ТММ-Береке» жауапкершілгі шектеулі серіктестігі. 

Мамандардың  пікірінше, бұл  жолға жөндеу   жұмыстары  соңғы  рет  өткен ғасырдың  сексенінші   жылдары   жүргізілген. Жолды  жаңартуды «ТММ-Береке» жуапкершілгі  шектеулі  серіктестігі   мамыр  айында  бастаған.  Жалпы  қашықтығы  32   шақырымдық жолды қайта  қалпына  келтіруге қазынадан  1  млрд  246  млн.   теңге  қаралған.  Соңғы  үлгідегі неміс технологиясымен   атқарылып  жатқан   жұмыстарға    50-ден  астам  жол-құрылыс   техникасы  мен 30 маман   жұмылдырылған.  Қазір  мұнда  жол  жөндеу   жұмыстары   қарқынды   жүргізілуде. 

      Ауылда салынып  жатқан     жаңа  жол   ауыл  ажарын ашып, көз  сүйсінтеді.  Жергілікті  тұрғындардың, әсіресе көлік иелерінің   құрылысшыларға айтар  алғыстары   шексіз.  Өңірімізде  осылайша  көлік  инфрақұрылымы  кешенді  түрде  дамып  келеді.  Ал  жол  құрылысшылары   Келес  ауданындағы  күре   жолды   қазан  айында   ел   игілігіне    беруді   межелеп  отыр.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады
  • Қала әкімі мәслихат депутаттарының алдында есеп берді
  • Шымкент пен Адана қалалары арасында экономикалық және туристік келісімге қол қойылды
  • Қандастарға қаланың көрікті жерлері паш етілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер