Бәйдібек аудандық экономика және қаржы бөлімінің мәліметінше, ауданда құны 16 миллиард 364 миллион теңгені құрайтын инвестициялық жобалар қолға алынған.
Оның ішінде ішкі кірістер 959 миллион теңгені, субвенция көлемі 8 778 миллион теңгені құраған. Ал, ағымдағы шығынның көлемі 12 968 миллион теңге. Аудандағы материалдық техникалық базаны нығайтуға 460 миллион теңге, күрделі жөндеуге 576 миллион теңге, ал құрылыс жұмыстарына 2358 миллион теңге жұмсалған. Болашақтың кілті білімді жастардың қолында болғандықтан білім саласының да алар орны ерекше. Осы ұстанымды негізге алған аудан білім саласында үш жобаны қолға алып отыр. Олар, қаржы көлемі 131 миллион теңгені құрайтын Ағыбет ауыл округі Жаңаталап ауылындағы 100 орындық мектеп құрылысы, 100 миллион бөлінген Қосбұлақ мектебі және Амансай ауылына қарасты Домалақ ана мектебі құрылысына 90 миллион теңге қаралған.
Ал, коммуналдық шаруашылықты дамыту саласына, яғни елді мекендердегі кәріз жүйелерінің құрылысына 649 миллион теңге бөлінген. Сонымен қатар, ауданда ауыз су мәселесі де оң шешімін тауып келеді. Оған арналған 5 жоба бекітіліп, есептелген қаржы тиімді игерілуде. Оның ішінде Алмалының су жүйелерінің құрылысына 159 миллион, Алғабас ауылына 186 миллион, ал Талап елді мекеніне 128 миллион, ал, Екпінді елді мекенінде жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарына 55 миллион, Бірлік ауылы су жүйелерінің құрылысына 59 миллион теңге бөлініп, қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Ауданда мәдениет саласы бойынша 1 жоба жоспарланып отыр. Шаян ауылында орын тепкен мәдениет үйінің жапсарлас жайының құрылысына 21 миллион теңге бөлінген. Ал, тұрғындар асыға күтіп жүрген табиғи газбен жабдықтауды қамтамасыз етуде 7 жоба жоспарлануда. Ауданның 7 елді мекенін қамтитын, табиғи газбен жабдықтаудың құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуді. Мысалы, Мыңбұлақ елді мекеніне жеткізуші және орамішілік табиғи газ жүйелерінің құрылысына 500 миллион, Мәдениеттегі газ құбырының құрылысына 61 миллион теңге, Қосбұлаққа 52 миллион, Бестоғай елді мекеніндегі газ құбырының құрылысына 43 миллион, Жүзімдік елді мекенін газбен қамтамасыз ету құрылысына 41 иллион, Ақбұлақ елді мекенінің құрылысына 3,4 миллион, Қайнарбұлақ елді мекеніне 64, миллион теңге қаралған.
Алдағы уақытта аталған жобалардың құрылыс жұмыстарын қарқынды жүргізіліп, қаржыны тиімді игеру жоспарлануда.