Тамшылатып суғару үнемділікке жол ашады

Screenshot_10.jpg

Егістікке қолайлы Түлкібас ауданы биылғы жылы 502 гектар жерге тамшылатып суғару әдісін енгізіп отыр. Тамшылатып суғару — ең алдымен судың ысырапшылдығын азайтып, өнім көлемін арттыратын тиімді тәсіл дейді мамандар.

      Қазіргі таңда, түлкібастық бау-бақша өсірумен айналысатын шаруалар алдыңғы қатарлы, озық технологияны қолдана отырып, мол өнім алуда.  Өткен жылы ауданда 500 гектар жерге тамшылатып суғару әдісі енгізілген болатын. Ал, биыл қосымша «Кентау» ЖШС-і 81 га, «Арсен Ас» ЖШС-і 16 га, «Мөлдір» ЖШС-і 65 га, «Нар Дауа» ЖШС-і 14 га, «Мөлдір» шаруа қожалығы 10 га, «Мақұл» шаруа қожалығы 10 га, «Нұрбақыт» ШҚ 6,0 га, «Ақсанат инжиниринг» ЖШС-і 300 гектар жерге осы әдісті енгізуді көздеп отыр. Тамшылатып суғарудың ерекшелігі, өнім бұрынғы әдіспен егілгеннен 7-8 есеге дейін көп өнім береді дейді жер емген диқандар. Сондай-ақ, суды үнемдеумен қатар, арамшөптің шығуына жол бермейтіні дәлелденген. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады
  • Қала әкімі мәслихат депутаттарының алдында есеп берді
  • Шымкент пен Адана қалалары арасында экономикалық және туристік келісімге қол қойылды
  • Қандастарға қаланың көрікті жерлері паш етілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер