Біріккен шаруалардың ісі өнімді

Screenshot_11.jpg      

Созақтық бағбандар биыл да жемісті еңбек көрсетуде. Өткен жылы қауын-қарбыз егіп, экспортқа шығарған диқандар, бұл істі биыл да қолға алып отыр. Бағбандар әрбірі 15 келіден асатын қарбызды егіс алқабынан жинап алуда. 

Диқандар биыл жалпы 107 гектар аумаққа бақша өнімдерін отырғызыпты. Оның 40 гектарына қауын егілсе, 66 гектардан астам жерге қарбыз көшеті отырғызылған. Аудандағы 3 шаруа қожалығы бірігіп, биыл 600 тоннадан астам өнімді экспортқа шығармақ. Ал өткен жылы бір ғана серіктестік 10 гектар жерінен 250 тонна өнім алған. Сол өнімінен азғантай көлемде шетелге жіберген.  «Ендігі 2020 жылға тағы 3 шаруа қожалық қосылатын болады.  Бүгінде диқандар қарбызды экспортқа шығарып, жақсы табысқа ие болды. Негізінен, бақша өнімдерінің көбі Ресейге барады. Жергілікті тұрғындардан да сұраныс көп. Соның ішінде  Қазақстанның ішіне және  солтүстік өңірлерге жіберілуде», - дейді Созақ ауыл округінің әкімі Батырхан Аяпов. 

      Созақ ауданы табиғаты ерекше өңірлердің бірі. Қысы қатал болатындығына қарамастан тұрғындар мал шаруашылығымен айналысады. Түйе бағып, оның сүтін өндіреді. Бау-бақша өсіріп, одан мол өнім алуды да созақтықтар басты кәсіп етіп алған.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады
  • Қала әкімі мәслихат депутаттарының алдында есеп берді
  • Шымкент пен Адана қалалары арасында экономикалық және туристік келісімге қол қойылды
  • Қандастарға қаланың көрікті жерлері паш етілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер