62 миллиард игерілмей қалды

смайлов.jpg

Бюджет қаржысының 62 миллиард теңгесі игерілмей қалды. Оның 10 миллиарды үнемделген қаржы. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты деп хабарлайды RGMEDIA.KZ  аұпарат агенттігі. 

Бюджет қаражатын игере алмай жатқандардың көшін Ұлттық экономика министрлігі (15,6 млрд теңге) мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті (8,3 млрд теңге) бастап тұр. Смаиыловтың сөзіне сүйенсек, жергілікті бюджеттердің өз кірістері 174 млрд теңгеге артығымен орындалып, 559 млрд теңгені құрады. Қалғаны Білім және ғылым (4,7 млрд теңге), Әділет (4,6 млрд теңге), Мәдениет және спорт (4,2 млрд теңге), Ішкі істер (3,3 млрд теңге) министрліктеріне тиесілі. Дегенмен, барлық өңірде кірістердің жоспары артығымен орындалыпты. Мемлекеттік бюджет шығыстары 96,5 пайызға, республикалық 97,1 пайызға, жергілікті бюджеттер 96,9 пайызға атқарылған. 

– Республикалық бюджет шығыстары 2 трлн 102 млрд теңгені құрады. Бюджет қаражаты 62 млрд теңгеге атқарылмады. Оның 10 млрд теңгесі – үнемделген қаржы. Ал игерілмеген сома – 52 млрд теңге. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 23 млрд.теңгеге төмен, – деді ол.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 2,5%-бен 5 мың микрокредит: 2025 жылғы "Ауыл аманаты" бағдарламасындағы өзгеріс
  • Қазақстан және ЕАЭО: Экономикалық жетістіктер мен ел үшін негізгі тиімділігі
  • Қазақстандағы АЭС құрылысын қай компания жүргізеді?
  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер