Түркістан қаласында сауда қызметін реттеу жөніндегі амалдардың рет-тәртібі бекітіліп, бірқатар жұмыстар атқарылып келеді. Жоспарға сәйкес қала аумағында жалпы 9 базар, 8 сауда қатары қызмет етуде. Оның ішінде, 5 әмбебап, 3 азық-түлік, 2 көкөніс және 7 азық-түлік емес тауарларды сататын базарлар мен сауда қатарлары бар. Оларда 6 мыңға жуық сауда орындары бар. Жалпы сауда алаңы – 214971,2 м2 құрайды.
Қаланың сәулеті мен құрылыс жоспарларына сәйкес, сауда жүйесінің басым бөлігі модернизациялауды қажет етеді. Бүгінгі таңда қолданыстағы сауда алаңдары мен базарларды және сауда нүктелерін бір жүйеге келтіру мақсатында қала сыртынан құрылыс материалдарын, киім-кешек, азық-түлік тауарларын саудалайтын базарлар үшін 50 гектар жер телімі белгіленген. Оның ішінде, 17 га – Қызылорда бағытынан, 15 га – Кентау бағытынан, 18 га – Шәуілдір бағытында. Аталған аймақтардағы жер телімдерін заңдастырып реттеу бағытындағы жұмыстары жүргізілуде.
Ал, Кентау бағытындағы «Сауда кешеніне» белгіленген алаң толығымен бос болғандықтан, заманауи талапқа сай келетін сауда алаңын ұйымдастыру мақсатында «Түркістан» ӘКК» акционерлік қоғамына Кентау тас жолы бойынан «Сауда кешені» құрылысы үшін 15 га жер телімі тұрақты пайдалануға берілген.
Осылайша қала ішіндегі ескі әрі ретсіз сауда орындары қала сыртына көшіріліп, базарлар заманауи келбетке ие болатын болды.