Ө.Шөкеев: Ауыл-аймақты көркейту керек

Screenshot_18.jpg

Шыбық ексең шынар өсетін Қазығұрт ауданының климаты ауылшаруашылық саласына өте ыңғайлы. Бұл кәсіпкерлердің жұмысын оңтайландырып отырғаны анық. Соңғы жылдары көбейіп отырған шаруа қожалықтардың бірі  «Аманкелді» ЖШС-ның тыныс тіршгілігімен облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев танысып шықты. Қожалықтың жер көлемі – 2322 гектар. Өндіретін өнім түрлері – I, II және III репродукциялы бидай тұқымы мен жеміс-жидек өнімдері. Онда 250 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Тамшылатып суару әдісімен 405 гектар алқапқа жеміс-жидек егіп отыр. Атап айтқанда, 150 гектарға – алма, 88 гектар жерге – шабдалы, 31 га – шие, 94 га – алхоры, 25 га – өрік, 17 га – алмұрт, 120 га – тайфый сортындағы жүзім.

Қожалық жұмысымен танысқан аймақ басшысы өнімдерді экспорттауды қолға алу қажеттігін айтты.

Аудандағы сапар «Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде Қазығұрт ауданында іске асырылатын жобаларға арналған жиынмен жалғасты. Онда Қазығұрт ауданының әкімі Төлеген Телғараев бағдарлама аясында атқарылар жұмыстармен таныстырды.

«Қазығұрт ауданына Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде 2019 жылы 608 млн. 757 мың. теңге жоспарлануда. Жолдарды орта жөндеуге 343 млн. 192 мың. теңге, ал білім саласы бойынша мектептерді ағымдағы жөндеуге 37 млн. 915 мың. теңге қаралды. Сондай-ақ, жоба аясында орталық футбол алаңы, балабақшалар, мәдениет үйі, орталық кітапхана ағымдағы жөндеуден өтеді», – деді аудан әкімі.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев аудан басшылығына «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасын қолдап, ауылды, аймақты көркейту қажеттігін тапсырды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады
  • Қала әкімі мәслихат депутаттарының алдында есеп берді
  • Шымкент пен Адана қалалары арасында экономикалық және туристік келісімге қол қойылды
  • Қандастарға қаланың көрікті жерлері паш етілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер