Елімізде Елбасының бастамасымен «Электрондық үкімет» порталы құрылып, жұмыстар жүргізіліп жатқаны мәлім. Сонымен бірге, үкімет қаулысымен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы» бекітілген. Бағдарламаның басым бағыттарының бірі халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру, әр бір салада цифрлық жобаларды жүзеге асыруға бағытталған.
Осы бағыттағы іс-шараларды іске асыру мақсатында Мақтаарал аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлімдер мен кенттер және ауылдық округтері әкімдері аппараттарында және мектептерде «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрыштары ашылып, тұрғындарға қажетті қызметтерді электронды түрде алу мүмкіндіктері қарастырылған.
Порталда әлеуметтік, экономика, білім, мәдениет, еңбек, денсаулық, спорт, туризм және адам өмірі қызметінің өзге де салалары бойынша көптеген ақпараттық қызмет көрсетіледі. Портал ақпараттық ресурс қана емес, оның пайдаланушыларына мемлекеттік органдардың әр түрлі электрондық қызметтері ұсынылады. Қызметтер мен ақпараттарды электронды үкімет порталынан алу үшін әрбір азаматтың өз электронды цифрлық қолтаңбасы (кілт) болуы тиіс.
Аталған қызмет түрін қазіргі таңда аудан халқы пайдаланып, қажетті ақпараттармен сусындауда.